Мемлекеттік қызметкер құқықтары мен міндеттерін түсіндірді
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің, Батыс аймағы бойынша ауданаралық бөлімінің бас маманы Әділхан Жолекешов аудан тұрғындарымен кездесу өткізіп, мемлекеттік қызметкер құқықтары мен міндеттерін түсіндірді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев "Ұлт жоспары: 100 нақты қадам" бағдарламасының 1-ші қадамы мемлекеттік қызметкерлерге бағытталған. Жиын барысында аталған бағдарлама төңірегінде түсіндіру жұмыстары да жүргізілді. Мемлекеттік қызметкер болуға талпынған тұрғындар тарапынан сауалдар жолданып,нақты жауаптар алынды. Бұндай басқосулар алдағы уақытта өз жалғасын таппақ.