Жаңакорған ауданының тұрғыны Жолдасбекова Эльвира "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының" Қызылорда филиалынан "Мал шаруашылығын дамыту" бағдарламасы аясында несиеге қол жеткізді.
Сол арқылы 58 бас уақ мал сатып алып, ауыл шаруашылығын дамытуға үлкен үлесін қосуда.Жылдық сыйақысы - 6%.
Айта кетейк, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Қызылорда филиалы кәсіппен айналысамын деген кәсіпкерлерге 5 жылға 6 пайызбен, көп балалы мүшелеріне 4 пайызбен 16 млн теңгеге дейін несие береді. Бір жылға дейінгі жеңілдік мерзімі тағы бар.