Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Алматыда ер адам жедел жәрдем алдына атып шықты: дәрігерлер пікір білдірді

Алматы қаласы Жедел медициналық жәрдем қызметі өкілдері шұғыл қызмет көлігінің алдынан шыға келіп, басын соғып, құлаған кейіп танытқан ер адамның видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Әдейі істегені көрініп тұр ғой. Жедел жәрдем жүргізушісі шығып, көлікте бейнетіркеуіш бар екенін айтты. Бәрі жақсы, жігіт тірі, өзі тұрып, белгісіз бағытта кетіп қалды. Өзі туралы мәлімет айтқан жоқ", - деді Алматы жедел медициналық жәрдем қызметі бас дәрігерінің орынбасары Андрей Ложкин.
Еске салайық, әлеуметтік желіде бір жігіттің жедел жәрдем көлігінің алдынан шыға келіп, басын соғып, құлаған сәті түсіп қалған видео жарияланған болатын.
Оқиға 26 қарашада күндіз болған. Ер адамның әрекеті видеотіркеу камерасына түсіп қалған. Видеодан жедел жәрдем көлігі Қазыбек би көшесімен келе жатып, жылдамдығын арттыра бастағанын көруге болады. Алайда жүргізуші Амангелді көшесімен қиылыста жылдамдықты баяулатады, себебі жолға ер адам атып шығады. Көліктің тоқтағанын көрген ол алдына шығып, басын соғады да құлайды.

[media=https://www.instagram.com/p/CIDLdZfnM0M/]
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: