Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Балалар қауіпсіздігі - басты назарда

Облыстық білім басқармасы тарапынан су айдындарында білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша  іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспар аясында білім беру ұйымдарында ата-аналарға төтенше жағдайлар департаментінің мамандарымен бірлесіп түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 1200 ата-ана қамтылды.


Сонымен қатар, 2024 жылғы 30 сәуір күні барлық мектеп директорлары мен тәрбие жөніндегі орынбасарларының қатысуымен суға шомылу маусымында су айдындарында жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірме жүргізілді.
Төтенше жағдайлар бөлімдерінің қызметкерлері білім беру мекемелерімен бірлесіп 2023-2024 оқу жылына арналған онлайн режиміндегі 95 интерактивті, 135 ашық сабақтары өткізіп, 1402 мұғалім, 11000 оқушы қатысты. Сабақ өткізу барысында слайд пен бейнероликтерді пайдалана отырып, балаларға су қауіпсіздігі шаралары жөнінде жалпы ережелер мен талаптары таныстырылды.
Одан бөлек, жазғы тынығу лагерьлерінде демалып жатқан балаларды судағы қауіпсіздік бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Облыстағы 8 жазғы тынығу лагеріндегі бассейндер мен айдындарында балаларды жүзу тәсілдеріне үйрету жұмыстары жүруде.
2023-2024 оқу жылында жасөспірімдер мен балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, олардың көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын нығайту мақсатында «Назар аударыңыз -балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.
Барлық білім беру ұйымдарында 410 шара, 330 сыныптан тыс жұмыстар жүргізілді.
Азаматтардың жаппай баратын және демалатын орындарында «Баланың жолдағы қауіпсіздігі – барлық құндылықтардан жоғары» атты бейнероликтер көрсетіліп, жадынама мен буклеттер, балаларға арналған шағылыстыратын элементтерді тарату акциясы өтті.
2023 жылғы 9 желтоқсанда Қызылорда облысының полиция департаментімен бірлесіп Қозғалыстық жас инспекторларының облыстың слеті өтті. Слетке қала және аудандардан 80 бала қатысып, үздік қатысушылар марапатталды.
2023 жылғы қараша айында балалардың қауіпсіздігін сақтау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында барлық білім беру ұйымдарының алдын жарықтандыру, жаяу жүргіншілер жолдарының болуы, қауіпсіздік талаптарына жауап беретін қажетті жол белгілерінің қамтылуы бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Зерделеу жұмысының нәтижесі бойынша қала, аудан әкімдеріне жаяу жүргінші жолын жаңалау, жол белгілері жоқ мектептерді қамтамасыз ету бойынша ұсыныс хаттар жолданды.
Жыл басынан бері облыс әкімінің орынбасары Д. Жаналиновтың төрағалымен білім беру ұйымдарына іргелес жатқан жол инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 3 рет жиналыс өтіп, қала және аудан әкімдеріне тиісті тапсырмалар берілді.
Облыс бойынша білім беру мекемелеріне іргелес орналасқан аумақтардың қауіпсіздік талаптарына жауап беретін  қажетті жол инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша аудандық, қалалық бюджеттен барлығы 95,0 млн. қаржы бөлініп, 61 жасанды ойлы-қырлылық, 346 дана жол белгісі, 199 шақырым жол жолақтары, 88 жаяу жүргіншілер жолағы, сызылып, 38 дана «Абайлаңыз балалар!» макеттері қойылды.
Сонымен қатар, 2024-2025 жаңа оқу жылына дейін 84 мектептің алдына «Балалар», 68 мектептің алдына «Жылдамдықты шектеу» жол белгісі, 73 мектеп жанына жылдамдықты бәсеңдететін жасанды ойлы-қырлылық орналытылып, 91 мектептің алдына жаяу жүргіншілер жолағы сызылатын болады. Бүгінгі күнге жоба сметалық құжаттары әзірленді.
Балалардың терезеден құлап кетудің алдын алу бойынша ата-аналарға арналған арнайы бейнеролик 322 орта, 420 мектепке дейінгі, 30 кәсіптік және техникалық білім бері ұйымдарында  көрсетілді және  ата-аналар чатына таратылып түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Барлық мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарында 650 ертеңгілік, 430 сыныптан тыс жұмыстар түрінде балаларға түсіндірме жұмыстары  жүргізілді.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: