Тұтынушылар азық-түлік өнімдерінің сапасын тегін тексертті
Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қала орталығында орналасқан «Сыбаға» базарында болып тұрғындардың көп тұтынатын азық-түлік, көкөніс пен жеміс-жидектердің сапасын қадағалауға бағытталған, қала әкімдігі мен облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бірлескен комиссия жұмысымен танысты.
Базарға келген тұтынушылар сатып алған өнімдерін базар аумағында жұмыс жасап тұрған санитарлық-сараптама орталығының мамандары арқылы тегін тексеруге мүмкіндік алды. Санитарлық-сараптама орталығының негізгі міндеті бақша өнімдерінен экспресс анализдер алу арқылы нитраттарды анықтау. Қала әкімі базар маңындағы бей-берекет сауданы және заңсыз тұрақтарды реттеу, базарларда төтенше жағдайлардың алдын алу, санитарлық талаптары сақтау мақсатындағы жұмыстарды шұғыл ретке келтіру жөнінде тиісті салаларға тапсырмасын беріп, базар егелеріне ретсіз орналасқан сауда нүктелерін жөнге келтіру, қала тұрғындарына және саудагерлерге барынша жайлы жағдайлар жасау үшін жабық сауда орталықтарын салу қажетігін баса айтты.