Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖАЛАҒАШТА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

ЖАЛАҒАШТА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІБүгін Жалағаш аудандық жұмыспен қамту бөлімінде «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» ұйымдастырылып, 10 жұмыс берушілерден 36 бос жұмыс орындары ұсынылды. 
Оның ішінде басымдық жазасын өтеп келген және қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандарға берілді.
2016 жылдың бүгінгі күнге аудандық ішкі істер бөлімінде 9 адам, аудандық пробация қызметінде 39 адам, барлығы 48 адамның 30 кент орталығының тұрғындары, 18 адам ауылдық округтерден есепте тұр.
Жұмыспен қамту орталығына «жұмыс іздеуші» ретінде 21 адам тіркеліп, оның ішінде 3 адам қоғамдық жұмысқа, 4 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 3-ші бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 1 адам жіберілді. 
Бүгінгі «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне» Жаңадария ауылдық округіндегі «Агро-Эко-Продукт» ЖШС сушы жұмыстарына, «АгроХолдингБайконыр» ЖШС-не жұмысшы жұмыстарына жазасын өтеп келуші азаматтар шақырылып отыр.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: