Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Түркістан облысында "Хэллоуин" мерекесіне орай грим жасаған балаларды ұрып тастады

Түркістан облысының Ақсу ауылында балалардың Хэллоуин мерекесін тойлауы қақтығыспен аяқталды. Алдымен төбелесті мектеп оқушылары бастап, кейін ересектер қосылған. Жанжалдың себебі балалар беттерін бояған грим болды.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Виктория Бойкова балаларын ұрған видеоны көрсетті. Ол отбасын баласының ауруына байланысты Шымкенттен Ақсу ауылына әкелген. 31 қаза күні оның үш және көршілердің 5 баласы "Хэллоуин" мерекесін атап өткісі келген. Олар беттерін бояп, серуендеуге кеткен. Бірақ қатарластарына олардың сыртқы келбеті ұнамаған. 
"Біздің балалар Хэллоуинге байланысты боянған еді. Бір ер адам бұл мереке болмауы керектігін, боянғандардың бәрін ұруға болатынын айтты, өткені олардың бетперделері қорқынышты екен. Мен оның бетперде емес екенін, бәрі осылай жасайтынын айттым", - деді Ақсу ауылының тұрғыны Виктория Бойкова.
Анжелина есімді 15 жасар қыз бәрінен көбірек зардап шекті. Олар кішкентайларды қорқағысы келген. Бастапқыда, жасөспірімдер наразылығын білдірген, кейін жанжалға ересектер де қосылған. Айтуынша, 64 жастағы зейнеткер оның бетінен бірнеше рет ұрған.
"Ол менің көзімнен, жағымнан ұрды. Сосын ол мені қуа бастады, мен қашып кеттім. Жүгіріп бара жатқанда артымнан теуіп жіберді. Мен қорғана бастадым, ол кідірді, сол кезде таяқпен ұрдым", - деді жәбірленуші Анжелина Хусниддинова.
Бірақ зейнеткер оқиғаның басқа нұсқасын айтады. Сөзінше, оған немересі бұзақылар тиісіп жатқанын айтып, шағымданған. Оқиға орнына барған ол Анджелинаның көрші баланы ұрып жатқанын көрген. Қуатбек Сәрсенбиев балаларды ажыратқысы келген.
"Бір қарасам бір жас қыз шашынан ұстап тартып жатыр екен. Мен барып не болып жатқанын сұрадым, сол кезде қыз маған айтуға ауыз бармайтын сөздерді айта бастады. Осыдан кейін жанжал туындады. Осыдан кейін ол қашып кетіп, таяқ әкеліп, мені ұрды. Оны бірнеше адам көрді", - деді Ақсу ауылының тұрғыны Қуатбек Сәрсенбиев.
Полицияға екі тарап та арыз берген. Ол жерде "денсаулыққа қасақана жеңіл жарақат салу" бабы бойынша әкімшілік іс қозғалған.
"Сайрам аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Сараптама тағайындалды. Оның нәтижелері бойынша алынған материалдар сотқа жіберіледі", - деді Түркістан облысы ПД-нің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.
Айта кетейік, балалардың ешбірі ауыр жарақат алмаған. Тек 15 жастағы Анжелинаның денесінде көгерген жерлер болған. Алайда, Виктория Бойкова ересек адамның баланы ұрғанының өзі қатаң жазаға лайық деп есептейді.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: