Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ЖАСТАР СЛЕТІ БАСТАЛДЫ

АРАЛДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ЖАСТАР СЛЕТІ БАСТАЛДЫБүгін Арал ауданындағы Қамбаш көлінің жағасында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен республикалық деңгейдегі аймақтық жастар слеті басталды. 
Облыс бойынша алғаш рет ұйымдастырылып отырған слетке Қызылорда қаласынан және аудандардан, сонымен қатар Ақтөбе облысына қарасты Ырғыз, Шалқар аудандарынан келген белсенді жастар, жас кәсіпкерлер мен жас мамандар қатысуда.
Шараның алғашқы күні Қамбаш көлі жағасында алау жағылып, аудан басшысы А.Мұхимовпен еркін форматта кездесу өткізілді. Игі шараға арнайы келіп қатысқан Абзал Сансызбайұлы жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз ойын ортаға салды. Өз кезегінде аудан әкімі жастарды тың бастамаларды қозғауға, Елбасының 100 нақты қадам ұлт жоспарындағы басым бағыттардың орындалуына үлес қосуға шақырды.
Алау маңындағы еркін басқосуда негізінен жастар арасындағы жұмыссыздық, дін және мәдениет саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, жастар тарапынан елдің дамуына қатысты ұсыныс-пікірлер айтылды. Кеш соңында А. Мұхимов бірқатар белсенді жастарды алғыс хатпен марапаттап, естелік сыйлық табыс етті. Алау маңындағы еркін әңгімелесуден кейін әр аймақтан жиналған жастар аудан әкімімен естелік суретке түсті. Бүгінгі кездесу соңында аймақ жастарының аудан әкіміне аталған слетті жыл сайын дәстүрлі етіп өткізу туралы жасалған ұсынысы қабыл алынды.
Екі күнге жоспарланған слет ертең жастардың семинар-тренингіне, спорттық шараларға жалғасып, Қамбаш көлінде қайықпен серуендеумен қорытындыланады. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: