Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛ АУДАНЫНЫҢ ЖОЛДАРЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

АРАЛ АУДАНЫНЫҢ ЖОЛДАРЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІЖол жөндеу жұмыстарына 2015 жылы 126,1 млн теңге қаржы қаралып, Арал қаласының орталық көшелерін кеңейту, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 
Онымен қоса Аманөткел ауылдық округінің Хан елді мекені тұсындағы қалқымалы көпірге дейінгі ұзындығы 1,8 шақырым автокөлік жолын орташа жөндеу жұмыстары жасалды. Сондай-ақ, Қызылжар елді мекеніне кіре беріс жол жөндеуден өтті. Сексеуіл кентінің жалпы ұзындығы 8,8 шақырымды құрайтын ішкі жолдары жөнделді. 
«Самара-Шымкент-Қамыстыбас-Аманөткел-Бөген» автокөлік жолының 38-ші шақырымындағы «Кәрі бөгет» көпірі түгелдей қайта жаңғыртудан өтті. 
Бірнеше елді мекендер тұрғындарының жол қатынасын қамтамасыз етіп отырған Қызылжардағы жалғыз қалқымалы көпір тозығы жетіп, істен шыққан болатын. Осы орайда, жедел шешім қабылданып, Сырдария ауданынан ескі қалқымалы көпір алынды. Дегенмен,аймақ басшысының ықпалымен резервтен жаңа қалқымалы көпір бөлініп, Өскемен қаласынан жеткізілді.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудандық бюджеттен 2,1 млн теңге қаржы қаралып, қаланың қауіпті жол тораптарына 90 дана жол белгілері орнатылды. Сонымен қатар, 1,9 млн теңге қаржы қаралып, Сексеуіл кентінде 4 дана мүгедектерге арналған синхронды дыбыстық қондырғылар мен 24 дана арнайы жол белгілері орнатылды. Сексеуіл кентінде 5,1 млн теңге 8 дана бағдаршамдар орнатылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: