Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Білім беру стандарты талаптары бұзылған

Білім беру стандарты талаптары бұзылғанҚызылорда облысы бойынша жыл басынан 42 білім беру мекемелерінде аттестациялау жұмыстарын жүргізу барысында  13 білім беру ұйымының жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарын бұзылғандығы анықталған. Бұл туралы бүгін Қызылорда облысының білім саласын бақылау департаменті басшысы М.Шермағанбетов «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялық орталықта өткен брифинг барысында мәлімдеді.
М.Шермағанбетовтын айтуынша, 4 техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріне жоспарлы тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде лицензиялық талаптар бойынша кемшіліктеранықталған. Аталмыш білім беру ошақтары әкімшілік жауапкершіліккетартылып, айыппул салынған және білім беру қызметіне рұқсат беретін мемлекеттік лицензиясының қолданысы уақытша тоқтатылған.
«Биылғы жылы 6-16 сәуір аралығында өткен оқу жетістіктерін сырттай бағалау жұмыстары барысында облыс мектептеріндегі тоғызыншы сынып оқушыларының 20 пайызын қамтыдық. 49 білім беру ұйымында 3 лекте оқу жетістіктерін сырттай бағалау қағаз түрінде өткізілді. Нәтижесінде орташа балл 32,1-ді көрсетті», - дейді департамент басшысы.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: