А.Тоқмағанбетов атындаға мәдениет үйінде«Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкенің мақсаты Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған, жұмыссыз қоғамнан оқшаулауды қажет етпейтін жаза түрлеріне сотталғандардың қайта қылмыс жасаудың алдын алу және жұмыспен қамту.
Оған Қалалық жұмыспен қамту орталығының, «Нұр Отан» партиясының, Жастар ресустық орталығының және Қызылорда қалалық Пробация қызметінің қызметкерлері сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған 37 сотталған жұмыс іздеуші ретінде қатыстырылды.
Жәрмеңкеге 40-тан астам жұмыс беруші мекемелерден 180 бос жұмыс орындарын ұсынылды олардың ішінде аспазшы, дәнекерлеуші, құрлыс жұмысы, электрик т.б мамандықтары бар. Нәтижесінде пробация қыметінің есебінде тұрған 3 сотталған жұмысқа орналастырылса, қалған сотталғандар бос жұмыс орындарына жолдама алды.