Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан 2 адам ұсталды
Қызылорда облысының Полиция департаментімен облыс аумағында адам саудасымен байланысты қылмыстарды ескерту, жолын кесу, анықтау және ашу бағытында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп келеді.
Атап айтқанда, адам саудасымен байланысты қылмыстардың жолын кесуге бағытталған «Стоп-трафик» жедел профилактикалық іс-шаралары ұйымдастырылуда.
Қыркүйек айының 10 - ы және 12 – сі аралығында полицейлермен жүргізілген бұл шара барысында жеңгетайлықпен айналысып жүрген 2 адам және жеңіл жүріспен пайда тауып жүрген 14 адам анықталып, арнайы есепке қойылды.
Сонымен қатар, 3 күнге созылған шара барысында полиция қызметкерлерімен жүргізілген рейдтер нәтижесінде қоғамдық орындарда тиісу дерегі бойынша 35 азаматқа әкімшілік шара көрілді.
Адамдарды еңбекке қанау мақсатында заңсыз бостандығынан айыру деректерін анықтау, жолын кесу бағытында полицейлер жыл басынан облыс көлемінде тіркелген 2 мыңнан астам шаруа қожалықтарын тексерді.
Адам саудасының құрбандарының құқығын қорғау мақсатында «Кіші кәсіпкер әйелдер қоғамымен» бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылып, шетел азаматтары жұмыс жасап жатқан мекемелерде құқығы бұзылған азаматтарды анықтау бағытында жұмыстар жүргізілуде.