Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Адам өлтірген қылмыскер 12 жылға сотталды

Адам өлтірген қылмыскер 12 жылға сотталдыҚызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Асхат Сабыров жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған іс бойынша брифинг өткізді.
Облыстық сот баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, сотталушы қатты мас күйінде адамды ұрып, одан кейін оның басынан шифердің сынығымен қатты соғып өлтірген. Денесін сүйреп апарып, оқиға болған жердегі орналасқан әжетхананың ішіне лақтырып жіберген сотталушыға қатысты қылмыстық іс бойынша судья журналистердің қойылған сұрақтарына жауап берді.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 96 бабының 1 бөлігімен (адам өлтіру) кінәлі деп танылып 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын түзеу колониясының қатаң режимінде өтеу деп белгіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: