Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қиындықты бірге еңсереміз

Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мәлімдеме жасаған болатын. Мәлімдеме де мемлекет басшысы кәсіпкерлерге көмек көрсету жайына тоқталып, шағын орта бизнеске қолдау көрсету үшін бұрын-соңды болмаған шараларды қолға алып отырғанын айтты.
Оның ішінде шағын және орта бизнес өкілдерін биылғы 1 қазанға дейін еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын салықтан босатты. Мұндай қолдау сауда, көлік қызметі, қонақүй, туризм және ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге де көрсетілген. Нақтысында бюджеттен 70 миллиард бөлінген екен. Мұның өзі бизнес саласындағы барлық кәсіпкерлерге үлкен көмек.
Сонымен қатар Үкіметке жанармайдың нарықтық бағасын он бес пайызға арзандатып, 165 теңгеге дейін төмендетуді міндеттеді. Жалпы айтқанда Президент тоқталып өткен шаралар қазіргідей қиын кезеңде азаматтар мен отандық бизнесті қолдау болып, індеттің залалын тезірек жоюға әсер етеді.
Бұл дегеніміз ел басына осындай қиындық туғанда Президентіміздің қай жағынан болмасын халыққа қолдау көрсетуге дайын екендігінің дәлелі. Уақытша дүрбелең кезінде елді ауызбіршілікке шақырып, мұндай кезде ең бастысы шыдамдылық танытуды айтып өткен мемлекет басшысының сөзіне келіспеске болмас. Өйткені коронавирусқа бір болып қарсы тұру қажет. Елдің үрейін одан әрі өршітпей, керісінше сабырлық танытуға шақыру керек. Тұтастығымызды көрсетіп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, әрбір осы елдің тұрғыны індетті жеңуде өз үлесін қосуы парыз болып саналады.

Бекқали Бекбауылов,
«Қазалы Жолаушы» ЖШС-нің басшысы
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: