Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Сырдарияда Рәміздер күніне автошеру ұйымдастырылды

Сырдария аудан орталығы Тереңөзек кентінде 4 маусым Мемлекеттік Рәміздер күні мерекесіне орай автошеру ұйымдастырылды.
Шеруге 30-ға жуық автокөлік қатысып, кент орталығындағы орталық көшелер бойымен еліміздің көк туын алып өтті. Мақсаты – өскелең ұрпақты отандық патриотизм мен жоғары азаматтық сабақтастыққа үндеп, қоғамның рухани бірлігін нығайту.
Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін әлемге танытатын әрі Қазақстанның өткені мен бүгінін және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: