Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада 11 айда 18892 нәресте дүниеге келді

Қызылордада 11 айда 18892 нәресте дүниеге келді2014 жылдың  1 желтоқсанына  қызылордалықтардың жалпы саны (алдын-ала деректер бойынша) – 752,1  мың адамды құрады. 
Соның ішінде қала халқы – 324,3 мың, ауыл халқы – 427,8 мың адам. Қалалық тұрғындар үлесіне  43,1%, ауылдықтар үлесіне – 56,9% тиесілі. 2014 жылдың қаңтар-қараша айында Қызылорда облысында туылғандар саны 18892 адамды құрады, бұл 2013 жылдың  осы кезеңімен  салыстырғанда  120 адамға көбейді. 
Жалпы халықтың туу коэффициенті 1000 тұрғынға есептегенде 27,96-дан 27,66-ға  азайған.  2014 жылдың қаңтар-қараша айында облыста  өлім көрсеткіші 4148 адамды  құрап, 89  адамға көбейді (2013 жылдың қаңтар-қараша айында  4059 адам), ал жалпы өлім көрсеткішінің коэффициенті әрбір 1000 тұрғынға шаққанда 6,05-тен 6,07-не көбейген. Тұрғындар арасындағы өлім себептерінің негізгі топтарының басым үлес салмағын қан айналымы жүйесінің аурулары алады (15,4%).

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: