Қала әкімдігінің мәжіліс залында 1991 жылы 16 желтоқсанда дүниеге келген Тәуелсіздік құрдастары, сол күні отау тігіп, шаңырақ көтерген отбасылармен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында қала әкімінің орынбасары Айдын Қайруллаев барлық қатысушыларды қала әкімінің атынан құттықтап, естелік сыйлықтар табыстады. Тәуелсіздік құрдастары осы күні дүниеге келгендерін мақтаныш санайтынын айтты. Осы күні отау тігіп Тәуелсіздігімізбен бірге өсіп-өнген отбасының атынан сөз алған азаматтар, еліміздің қалыптасу кезеңінің куәсі ретінде, өткеніміз бен бүгініміз туралы тебіреніспен ерекше сезімдерімен бөлісті. Ел бірлігінің және Елбасымыздың салихалы саясатының арқасында қол жеткізген бүгінгі жетістіктеріміз - бұл барша елге ортақ мақтаныш, ортақ бақыт, ортақ мәртебелі мереке екенін ортаға салды салтанатты шараның қатысушылары.