Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда

Қазіргі таңда облыстық тұрақтандыру қорында 1219,9 тонна өнім бар. Сондай-ақ, сауда ұйымдарында, қоймаларда, өңірдегі 26 әлеуметтік маңызы бар дүкендерде азық – түлік тапшылығы болмайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сейілбек Серғазыұлы мәлімдеді.
«Қазіргі уақытта мұнай бағасының өзгеруіне, валюта бағамының тұрақсыздығына және коронавирус індетінің таралуына байланысты азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және қажетті қор жинау мақсатында бюджеттен қаржы қарастырылды.Сондай-ақ, қосымша 3,5 мың тонна өнімді сатып алу шаралары жүргізілуде»,-деді Сейілбек Серғазыұлы.
Сонымен қатар, басқа да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарық бағасынан төмен бағада сатылуда. Облыс бойынша барлық аудандарда тұрақтандыру қорының өнімдерін автокөлік үстінен сату жұмыстары ұйымдастырылып, жыл басынан бері азық-түлік бағасын бақылауда.
Баспасөз-конференциясында сала мамандары 2000 тонна құрайтын заманауи көкөніс сақтау қоймасының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілетінін тілге тиек етті. Мұнан өзге, азық-түлік тауарларын өндіру тоқтатылмайды, ұзақ мерзімге жеткілікті тұрақты қоры бар екендігін айтты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: