ҚАЗАЛЫДА ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Аудан әкімінің өкімімен Жарылқап Бақытжан Дүзелбайұлы «Қазалы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Бақытжан Дүзелбайұлы - 1966 жылы Арал ауданы, Октябрь ауылдық кеңесінде дүниеге келген. Білімі жоғары, Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы Бозкөл кеңшарында аға экономист болып бастаған. Одан кейін Бозкөл кеңшарында бас есепшінің орынбасары, 1992-1993 жылдары аудандық қаржы бөлімінің аға экономисті, 1993-2001 жылдары қаржы бөлімі бастығының орынбасары-бюджет инспекциясының бастығы, 2001-2004 жылдары қаржы бөлімі бастығының орынбасары, 2005-2007 жылдары аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің меңгерушісі, 2007-2011 жылдары аудан әкімі аппаратының бас инспекторы, 2011-2013 жылдары Қазалы аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры қызметтерін атқарған.
2013 жылдың қараша айынан бастап Қазалы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.