Жаңақорғанда әскери дайындық мұғалімдері марапатталды
Жас жеткіншектер арасында жаңа қазақстандық партиоизмді қалыптастыруға өзіндік үлестерін қосып жүрген бір топ алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдері марапатталды.
Аудандық білім бөлімінің сала әдіскері Қайрат Оралбековтың ұйытқы болуымен бірқатар білім ордаларында патриоттық бағытта тәлім тәрбие беріп жүрген 15 ұстазға құрмет көрсетілді. Еселі еңбектері ескеріліп кеуделеріне «Қарулы Күштерінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетов» атындағы төсбелі тағылды. Олардың қатарында: Қ.Оралбеков, Б.Балабеков(№196), А.Тулендиев(№240), С.Исаев(№55), А.Мадалиев(№167), Е.Бекбауов(№239), Ж.Қасымбеков(№245), М.Қылышбаев(№54), Ж.Абенов(№194), Ж.Сырымов(№195), К.Қонысов(№209), М.Нысанбай(№52), А.Базарбаев(№169), Қ.Аблакимов(№163), Д.Утеев(№3) секілді ауданымыздағы білім ордаларында алғашқы әскери дайындық пәнінен дәріс беріп жүрген ұстаздар бар.
Барлық марапат иелерін құттықтаған сала басшысының орынбасары Н.Бұлдырықов өскелең өрендерімізді өр рухта тәрбиелеудегі ерен еңбектеріне ризашылығын білдірді.