Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ОРАЗА ТҰТУ 6 МАУСЫМДА БАСТАЛАДЫ

 

Мұсылмандық ай күнтізбесі бойынша Қасиетті Рамазан айы маусым айының 6-жұлдызында басталып, шілде айының 4-жұлдызында аяқталады.
Яғни биылғы ораза 29 күнге созылады. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстың бас имамы Талғат Омаров хабарлады.
- Бүгінде мешіт Қасиетті Рамазан айына толықтай дайын. Үлкен залдарға желдеткіштер қойылып, мешітке 18 диспенсер қойылды. Бүгінде тегін таратылуға ораза кестесі шығарылып, 1000 қорап құрма да әкелінді, - деді Т.Омаров. – Сондай-ақ, сәресі ішу таң намазының кіруіне 10 минут қалғанда тоқтатылады. Ал Тарауих намазы маусым айының бесінші жұлдызынан бастап, құптан намазынан кейін оқылады, үтір намазы ең соңынан жамағатпен оқылады. Пітір садақа құны – 200 теңге.
Айта кету керек, Қасиетті айдың құрметі үшін 30 күн оразада 30 түрлі жақсылық жасауды жоспарлап, базарларда, сауда орталықтарында тауардың бағасын 10-30 пайызға дейін төмендету турасында насихат жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, мешіттерде тегін ораза кестесі мен құрма таратылатын болады. 30 күнде мешіттерде мүмкіндігінше ауызашар ұйымдастырып, 30 үйді аралап, қайырымдылық жасауды қолға алып отыр.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: