Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына сәйкес бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз – 2017» конкурсын ұйымдастыру жұмыстарының жүргізіліп жатқандығын хабарлайды.
Конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүргізіледі және оған жеке кәсіпкерлік субъектілері (бұдан әрі - үміткерлер) қатыса алады. Конкурс лауреаттарының атақтары үш санат бойынша:
шағын кәсіпкерлік субъектісі;
орта кәсіпкерлік субъектісі;
ірі кәсіпкерлік субъектісі;
және мынадай номинациялар бойынша беріледі:
«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясында өз персоналын қолдауға және жалпы қоғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, еңбекті қорғауды ұйымдастыру, кадрларды кәсіби даярлау және қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру және т.б.) іске асыратын ұйымдардың қызметі қаралады;
«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясында еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады;
«Үздік ұжымдық шарт» номинациясында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады;
«Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясында қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.
Конкурсқа қатысушылар ұйымдастырушыларға келесі мәліметтерді қамтитын бір данадағы құжаттарды ұсынады:
1) нүсқамаға сәйкес толтырылған өтінім;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде өзінің номинациясына сәйкес толтырылған анкеталар (заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы, ұйымдық құрылым, өзге де қосымша ақпарат)
3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшірмесі, DVD дискілердегі материалдар, альбомдар, брошюралар басқа да қосымша құжаттар болуы мүмкін).
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер конкурсты ұйымдастырушыларға материалдарды бір данада береді, өтінімдерді беру мерзімі - 2017 жылдың 15 тамызына дейін, материалдар қағаз және электронды таратушыларда ұсынылады.
Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Асқаров Б. көшесі, 47 үй, Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 210 каб. тел. 26-21-30.
Конкурс жөнінде толық ақпаратты Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің www.enbek.gov.kz немесе www.paryz.kz сайттарынан немесе 8 (7172) 74-35-11 телефоны арқылы алуға болады.