Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жылдың үздік аудандық соты анықталды

Жылдың үздік аудандық соты анықталдыҚызылорда облыстық сотында аудандық және оған теңестірілген соттар кеңселерінің арасында ҚР Жоғарғы Соты Төрағасының 2012 жылғы 12 маусымдағы № 207 өкімі бойынша өткізілген «Жылдың үздік аудандық соты» конкурсы өз мәресіне жетті.
Конкурс нәтижесін комиссия төрағасы Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Е.Ө.Қарабаев, мүшелері облыстық сот судьялары А.Н.Ерманов, Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Н.О.Қосанов, Қызылорда қалалық сотының судьясы Г.Ж.Мырзатаева, Қызылорда  облыстық  соты кеңсе басшысының орынбасары Е.Боранбаев анықтады.
Конкурсты ұйымдастырудың мақсаты – сот билігінің беделін нығайту, оның төрелігін жүзеге асырудың тиімділігі мен сапасының деңгейін арттыру, оң тәжірибені анықтау және тарату, судья жұмысы білімін, шеберлігі мен дағдыларын жетілдіру болды.
Жылдың үздік аудандық соты іс жүргізумен аяқталған істердің саны, сот істерін қарау сапасы – сот актілері сапасының коэффициенті, профилактикалық, мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі, соттың имиджін және судьялар мен сот кеңселері қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру белгілері бойынша анықталды.
Байқау қорытындысы бойынша аудандық және оған теңестірілген соттар кеңселерінің ішінен жарып шыққан Шиелі аудандық соты 1 орын иеленді. 2 орынға Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты лайық деп табылды. Арал аудандық соты 3 орын иеленді.
Енді Шиелі аудандық соты республикалық деңгейде өтетін байқауға қатысатын болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: