Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАСТАР САЯБАҒЫ САЛЫНАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАСТАР САЯБАҒЫ САЛЫНАДЫ

 

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевпен кездесу барысында «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбазы Айдос Сәдіров облыс орталығынан «Жастар саябағын» салуды ұсынды. 
Аймақ басшысы жасыл елдіктердің ұсынысын қолдап, Ә.Бөкейхан мен А.Яссауи көшелерінің қиылысында орналасқан «Невада-Семей ардагерлерінің саябағы» жанынан 50 сотық жер телімін бөлуді тапсырды. Онда жастардың демалысы үшін жағдай жасалып, саябақ көгалдандырылатын болады. Бұл жұмыстарға «Жасыл ел» еңбек жасағының жастары тартылмақ. 
2005 жылы құрылған «Жасыл ел» еңбек жасағы осы уақытқа дейін 8 мыңнан астам жасты жұмысқа тартып, қаланы көгалдандыру жұмыстарына атсалысты. Биыл жасаққа 1000 сарбаз жұмысқа қабылданады. Осылайша облыс орталығынан салынатын «Жастар саябағын» көгалдандырушараларын олар өздері атқармақшы. 
- Ағаш отырғызып, көгалдандыру оңай жұмыс емес. Дгенмен, ауа-райының қолайсыздығын сылтауратуға болмайды. Еңбектену арқылы аймақты жасыл желекке айналдыруға мүмкіндігіміз бар. Осы жұмыстарды атқаруда жасыл елдіктер белсенділік танытулары тиіс, - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: