Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«Біз – Жеңістің мұрагеріміз!» эстафетасы өтеді

Үстіміздегі жылғы 5 ақпан-5 мамыр аралығында Ұлттық ұланда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Біз – Жеңістің мұрагеріміз!» эстафетасы өтеді.
Аталмыш эстафета 2018 жылғы 28 қыркүйекте Душанбе қаласында өткен ТМД Мемлекет басшылары Кеңесінің шешімімен бекітілген Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге бағытталған негізгі іс-шаралар жоспары аясында өткізілмек.
Эстафетаның негізгі атрибуты – 1941 жылы Алматы қаласында жасақталып, Мәскеуден Берлинге дейін жеткен Кеңес Одағының Батыры генерал-майор И.В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық мотоатқыштар Режицкий, Қызыл Ту Ленин орденді, Суворов орденді дивизиясының Жауынгерлік Туының көшірмесі. Ту көшірмесін Қазақстан әскери-тарихи музейінің Алматы қаласындағы филиалы ұсынып отыр.
Эстафетаның мақсаты – Ұлы Отан соғысында Отанын жанқиярлықпен қорғаған қазақстандық жауынгерлердің ерлігіне құрмет көрсету, есімдерін ел есінде сақтау, майдан даласында елі үшін қаза болған әр солдаттың ерлігіне бас ию, жастардың, ішкі істер органдары қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілердің бойына отансүйгіштік құндылықтарды және Қазақстан халқының батырлық тарихына құрметпен қарау, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, өз әскери борыштарын үлгілі атқаруға ықпал ету.
Эстафетаға Полиция, Төтенше жағдайлар, департаменттері, Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтары, әскери бөлімдері мен бөліністері, ІІО мен ҰҰ ардагерлер ұйымы, сондай-ақ орта мектеп оқуышылары мен әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері, студент жастар, құқықтық тәртіп әскерінің әскери бөлімдері орналасқан қалалардағы жергілікті қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысады.
Алматы қаласы әкімдігінің, «Нұр Отан» партиясының алматы қалалық филиалының, Қазақстан халқы Ассамблеясы Алматы қаласындағы «Достық» үйінің», «Генерал И.В. Панфилов қорының» құрылтайшысы Алуа Байқадамованың (генерал-майор И.В. Панфиловтың жиен немересі) қолдауымен Эстафета Алматы қаласынан басталды, себебі 1941 жылы генерал-майор И.В. Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясы осы Алматы қаласында жасақталған.
Эстафетаның Қазақстан аумағын теміржол және автокөлікпен шарлаудағы жалпы жолы 11 мың шақырымды құрайды.
Қызылорда қаласы әкімдігі, «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының өкілдері және БАҚ өкілдері Жауынгерлік Ту ұстаушы тобымен бірге қызылордалық Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйіне барып, олардың есігінің алдында кішігірім әскери шеру ұйымдастырды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: