Ақтауда жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды (видео)
Ақтаудағы жасөспірімдер арасындағы жаппай төбелес болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Лада-ға сілтеме беріп.
Куәгерлердің сөзінше, 15 қарашада сағат 16:00-де бір топ жасөспірім № 22 12-ықшамауданында төбелес болған.
Куәгерлер оқтың дыбыстарын естіген. Жиналғандардың бір тобы тарасып кетсе, кейбірі төбелесті қайта жалғастырды. Полицияда атыс туралы ақпаратты жоққа шығарды.
"Оқиға орнына қалалық полиция басқармасы қызметкерлері жеткен. Төбелес қатысушыларының аты-жөні белгілі болды. Олардың ата-аналарымен әңгімелесу жүргізілген. Іс бойынша материалдар Ақтау әкімдігі тұсынан кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясына жіберілді", - дейді басқармада.
Полиция аталған оқиға бойынша "102" кезекшісінің пультіне шақырту түспегенін, сондай-ақ медициналық көмек алу үшін ауруханаға жүгінбегенін айтты.