Қызылорда облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің № 10 қаулысы күшіне енді. Соған сай, қала, аудан, елді мекендер арасы квартал немесе секторларға бөлініп, блок-бекеттер орнатылады.
Сәйкесінше, карантиндік аймақта жүріп-тұруға тыйым салынады. Көтерме сауда орындарына «азық-түлік дүкендеріне дейін жеткізу» қағидаты бойынша 10.00 сағаттан 18.00 сағатқа дейін күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады және жергілікті атқарушы органмен айқындалған көлік құралдарын қоспағанда жеке көліктің қозғалысына тыйым салынады. Тұрғындарға медициналық бетперде киіп жүру міндеттеледі. Қаулы 00.00 сағат 2020 жылғы 20 сәуірден бастап күшіне енетін 1-тармақтың 8) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.