Бүгін Жалағаш ауданы Жаңаталап ауылдық округінің әкімі Қ.Әбдіхалықов былтыр атқарылған жұмыстар жайлы есеп беру үшін тұрғындармен кездесті.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 2016 жылы ауылдық елді мекендерді абаттандыру мақсатында ауыл паспортын орнату жұмыстары жүргізілді. ҚР Үкіметінің арнайы резерві есебінен 11 288 млн теңге қаралып, ауыл ішілік 1,5 шақырым көшеге тас төселінді.
Өткен жыл үлесіндегі басты жаңалық 2015-2016 оқу жылында мектепті бітірген 7 оқушының 2-еуі «Алтын белгі» иегері болып, үздік аттестат иесін атанған 1 түлек ҰБТ-дан 122 балл жинады.