Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Алаяқ тиісті жазасын алды

Алаяқ тиісті жазасын алдыСотталушы А. бөтен мүлікті сенімді теріс пайдалану жолымен бірнеше рет алдап алып, алаяқтық қылмысын жасаған.
Атап айтқанда, А. алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемдену мақсақтында  жәбірленуші Р.-мен ғаламтор арқылы сөйлесіп жүрген. Ол өзі темір жол жүйесіне жұмыс істегенін және жұмысқа кіргізіп беретін ағасы бар екенін айтып сендіріп, екеуі кездескен.
Содан сотталушы А. жәбірленушінің толық сеніміне кіріп, «Қазақстан темір жолы Қызылорда бөлімшесіне жұмысқа тұрғызып беремін»-деп, жәбірленуші Р.-ден 360 мың теңге ақша алған.
Осыдан кейін қылмыстық әрекетін әрі қарай жалғастырып жәбірленуші Р.-мен кездесіп, тағы да бірнеше адам тұрғызып бере алатынын айтып, 550 мың теңге, 350 мың тенге, 300 мың теңге алады. Оның жалпы сомасы 1 130 000 теңгені құрайды. Алайда, ақшаны осы уақытқа дейін қайтармай өзінің бас пайдасына жаратып жіберген.
Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен сотталушы А. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190 бабының 2 бөлігінің 2 тармағымен кінәлі деп танылып, оған жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енбеген.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: