Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

WhatsApp-та жаңа қызмет пайда болды


Енді топтық чаттағы хаттар жоғалып кететін болады деп жазады
aikyn.kz.
«WhatsApp мессенджерінің iOS және Android жүйелеріне арналған соңғы бета-нұсқаларында жойылып кететін хабарлар функциясы пайда болды», – деп хабарлайды WABetaInfo.
Жаңа функция тек топтық чаттарда қолжетімді. Ол пайдаланушыларға таймермен хабарлар жіберуге мүмкіндік береді. Яғни хабарлар біраз уақыттан кейін жойылады. Ол бір сағат, күн, апта, ай немесе бір жылдан кейін өшуі мүмкін. WhatsApp осылайша ескі хабарламалардан телефон жадын босатуды көздеп отыр.
Автоматты тазартуды топ параметрлерінде де қосуға болады. Функцияны тек әкімшілер ғана пайдалана алады. Топ мүшелері бұл қызметті қолдана алмайды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: