Террористік тұрғыдан осал 9 объекті басшысына әкімшілік айыппұл салынды
2020 жылы Қызылорда облысында террористік тұрғыдан осал 9 объектінің басшысына әкімшілік айыппұл салынған, – деп хабарлайды Seykhuninfo.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Қызылорда облысының Полиция департаменті террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын бақылауды ұйымдастыру бойынша жұмыстарды ұдайы жүргізіп, олардың басшылары мен меншік иелеріне түсіндіру жұмыстарын да тұрақты негізде жүзеге асырады.
Қызылорда облысында 2020 жылы террористік тұрғыдан осал 9 объектінің жарақталуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі №191 қаулысының және Қазақстан Республикасының “Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы” Заңының талаптарына сәйкес келмегені үшін басшыларына жалпы сомасы 2 млн. 611 мың 320 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.