Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жас құтқарушылар 2 орын иемденді

Жас құтқарушылар 2 орын иемдендіҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Жартасты қала - Астана» оқу-жаттығу полигонында 2015 жылғы 18-23 мамыр аралығында «Қазқұтқару-2015» 20-шы халықаралық жиын-семинарына Қызылорда қаласынан «Жас құтқарушылар» командасы да қатысты.  
Команда жетекшісі А.Сұлтанбеков, команда жаттықтырушысы №11 өрт сөндіру бөлімінің күзет бастығы өртке қарсы қызмет капитаны Б.Бакенов және Төтенше жағдайлар департаментінен ұйымдастыру жұмыстары жөнінде жетекші ретінде Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері майор Ә.Қуандықов болды. Команда жетекшісі, «Абылай хан» атындағы колледждің ұстазы А.Сұлтанбеков балаларды құтқару жұмыстарына шыңдаса, команда жаттықтырушысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ  №11 өрт сөндіру бөлімінің күзет бастығы Б.Бакенов жас құтқарушыларды өрт қолданбалы спортынан шеберлікке тәрбиелеп келеді. Нәтижесінде, аталмыш жарысқа Қызылорда қаласы «Абылай хан» атындағы колледждің «Жас құтқарушы» үйірмесінен қатысқан оқушылар -  М.Қуаныш, О.Өтеген, Р.Шазында, Ә.Мажай, Г.Шегебаева, Б.Тоқсанбай, З.Мұрат, А.Смағұловтар намысты қолдан бермей, ІІ орынды иемденіп қайтты. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: