Сырдарияда "Дипломмен-ауылда" білім саласындағылар салмағы басым
«Дипломмен-ауылға» бағдарламасы негізінде Сырдария ауданында биыл мамандарға көтерме жәрдемақыға 129 мың 640 теңге, ал тұрғын үй сатып алу үшін 2 млн. 778 мың теңге жәрдемақы берілген.
Үстіміздегі жылы көтерме жәрдемақыға 79 маманға қол жеткізсе, тұрғын үй сатып алу үшін қаржыны 73 маман алды. Жалпы бағдарлама басталғалы бері 420 маман көтерме жәрдемақымен, 243 маман тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несиеге қол жеткізді.
Мұндай қаржыға көтерме жәрдемақы алған 312 маман (74%) білім, 78 маман (18,5%) денсаулық, 8 маман (2%) мәдениет, 11 маман (2,5%) спорт, 5 маман (1%) әлеуметтік, 6 маман (1,5%) ветеринария саласында қызмет етуде.
Ал тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие алған 174 маман (71%) білім, 47 маман (19%) денсаулық, 5 маман (2%) мәдениет, 5 маман (2%) спорт, 6 маман (2,5%) әлеуметтік және 6 маман (2,5%) ветеринария салаларында еңбек етіп келеді. Осы «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы аясында елді-мекендерде, аудан орталығында көптеген жас отбасылар баспаналы болған. Әсіресе, ауылдық жерлерге жас, білімді мамандар келіп, әр түрлі салада тұрғындарға қызмет жасап жүр.