Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«НҰРЛЫ ЖЕР»АРҚЫЛЫ ОБЛЫСТА КӨПҚАБАТТЫ 44 ҮЙ САЛЫНАДЫ

«НҰРЛЫ ЖЕР»АРҚЫЛЫ ОБЛЫСТА КӨПҚАБАТТЫ 44 ҮЙ САЛЫНАДЫҚармақшы ауданында 2017 жылы  жаңадан жыл бойы қызмет ететін  лагерь салынады. Оның сметалық құны 1 млрд. 300 млн теңге. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы М. Әлсеріков мәлімдеді. 
Сала басшысы  2017 жылы аймақта қыруар жұмыстар жүргізілетіндігін айтып өтті.  Сол жағалаудың көше-жолдары мен инженерлік инфрақұрылымын дамытудың жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу жоспарлануда. Аталған жұмыстарға облыстық бюджеттен қажетті көлемде қаржы бөлінді.
2017 жылға 53 нысанның құрылысын жүргізу қарастырылды. Оның ішінде 23 нысан 2016 жылдан өтпелі, 30 нысанның құрылысы жаңадан басталады.
2017 жылы тұрғын үй құрылысы жаңадан қабылданған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып,  бұл бағдарлама аясында облыста барлығы 44 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға беру жоспарлануда.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: