Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Полиция қызметкерлері нысана көздеді

Ағымдағы жылдың 19-20 наурыз күндері Ұлыстың ұлы күні – 22 наурыз мерекесіне орай Қызылорда облысының «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамының спорт кешенінде және ату тирінде Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті аппаратының қызметкерлері арасында түрлі спорт түрлерінен жарыстар өткізілді.  Бұл жөнінде Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі хабарлады. 

 

Полиция қызметкерлері нысана көздеді

 

Басқарма басшыларының арасында Макаров тапаншасынан атудан жарыста 1-орынды полиция полковнигі Байбосынов Нұрлан, 2-орынды полиция полковнигі Жаназаров Әбдібек, 3-орынды полиция полковнигі Жұмадулла Хабибулла иеленді. Әйел қызметкерлер арасында Макаров тапаншасынан атудан жарыста 1-орынды Әкімшілік полиция басқармасының инспекторы полиция капитаны Боранова Ақтоты, 2-орынды осы басқарманың инспекторы полиция аға лейтенанты Шохаева Раушан, 3-орынды Тергеу басқармасының аға тергеушісі полиция полковнигі Қайназарова Гүлханыс иеленді. Арқан тартудан Техникалық қызмет басқармасының командасына тең келер команда болмады. Ал 2-орынды Көші-қон полиция басқармасының командасы, 3-орынды Жедел-криминалистикалық басқармасының командалары жеңіп алды. Гир көтеруден 1-орынды Көші-қон полиция басқармасының қызметкері полиция аға лейтенанты Сатбаев Руслан, 2-орынды техникалық қызмет басқармасының қызметкері полиция аға лейтенанты Жұмадуллаев Еркін, 3-орынды Көші-қон полиция басқармасының қызметкері полиция капитаны Шүншібаев Қуаныш жеңіп алды. Дартстан 1-орынды Штаб басқармасының қызметкері полиция капитаны Әлімқұлов Мұрат, 2-орынды техникалық қызмет басқармасының қызметкері полиция кіші сержанты Ибраев Нұржан, 3-орынды Техникалық қызмет басқармасының қызметкері полиция капитаны Нұржауов Жеңіс жеңіп алды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Департамент басшылығының мадақтау қағаздарымен марапатталды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: