«Ауыл» партиясының Қызылорда облыстық филиалында 1 қазан – Қарттар күні мерекесіне орай партия жұмысына қолдау көрсетіп, өңірдің дамуына үлес қосқан ардагерлер марапатталды.
Іс-шара барысында «Ауыл» партиясының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Садық Шоңмұрынұлы мен облыстық мәслихат депутаты, «Асар» ЖШС директоры Қанағат Жаңайбекұлы ардагерлерге ізгі лебіздерін жеткізіп, партияның 25 жылдық мерекелік медалін табыстады.
Сонымен бірге, шара аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстанды» құрудағы басты бағыттарының бірі – жасанды интеллектіні игеру мәселесіне арналған семинар өткізілді.
Жиынға қатысқан ардагерлер партия жұмысының дамуына қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, алдағы уақытта қажетті жұмыстар атқарылатыны айтылды.