Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордалық кәсіпкер азық-түлік сақтайтын қойма салды

«Бақ және К» ЖШС 2015 жылы құрылды. Кәсіпкер Дариха Жұмабайқызы Мырзахметова жұбайымен бірге 2011 жылдан бері кәсіпкерлікпен айналысады.
Кезінде мемлекеттік органдарда жұмыс істеп, зейнетке шыққаннан кейін ерлі-зайыптылар бизнес бастап, өз бетінше тірлік етуге бел буды. Алдымен жинаған қаражатына жер желімін сатып алып, жүк сақтайтын қойма салмақ болды.


Жоспар бойынша бұл бұл жерде қойма кешені орналасады және азық-түлік, көкөністер мен жемістер Қызылорда облысының компаниялары мен жеке тұлғалары арқылы көтерме/бөлшек түрде халыққа жеткізіледі.
2019 жылы қойма құрылысын аяқтауға 150 млн. теңге көлемінде қаржы керек болған кезде «Бақ и компания» ЖШС «Сбербанк» АҚ арқылы 14%-бен несие рәсімдеді. Жоба «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында қолдау тауып, 8%-ы субсидияланды. Кәсіпкер тек айырмасын төлейді.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: