«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» бірінші бағыты -бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік біліммен қамтамасыз ету. Аталған бағыт бойынша жұмыссыз азаматтардың ішінен 1670 және өнімсіз жұмыспен қамтылғандарды оқыту жоспарлануда, оның ішінде: Кәсіптік оқыту – 965 адам, қайта даярлау 705 адам. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жергілікті бюджеттен 172,6 млн. теңге бөлінді (Облыстық бюджеттен – 166,4 млн. теңге, қалалық бюджеттен – 6,2 млн. теңге). Қазіргі таңда қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 705 адам жолданып, 525 адам оқуын аяқтап, 240 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Игерілгені 108,3 млн. теңге.
Бағдарламаның екінші бағыты бойынша «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау» 36,0 млн. теңге, «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС-гі арқылы 93,0 млн. теңге, «Даму кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ-ы арқылы 200,0 млн. теңге шағын несие беру жоспарлануда. Жыл басынан бері 127 адамға 721,7 млн. теңге беріліп 91 жаңа жұмыс орындары ашылды.
Бағдарламаның үшінші бағыты қоғамдық жұмыстарға 2018 жылы
2245 адамға қалалық бюджеттен 204,8 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі күнге
239 мекемеге 2153 адам қоғамдық жұмысқа тартылып, 182,6 млн. теңгесі герілді. Тұрақты жұмыспен қамтылғаны 140 адам.
Әлеуметтік жұмыс орындарына республикалық бюджеттен 80 адамға
23,5 млн. теңге және қалалық бюджеттен 8 адамға 2,0 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі күні 51 әлеуметтік жұмыс орындарына 169 адам жіберіліп, 21,1 млн. теңгесі игерілді. Тұрақты жұмыспен қамтылғаны 34 адам.
Жастар тәжірибесі бойынша республикалық бюджеттен 280 адамға
100,9 млн. теңге және облыстық бюджеттен 77 адамға 36,1 млн. теңге бөлініп, 431 мекемеге 548 жас маман тартылып 116,9 млн. теңгесі игерілді. Тұрақты жұмыспен қамтылғаны - 88 адам.