Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АҚТӨБЕЛІК АҒАЙЫН АРАЛ ӨҢІРІНДЕ БОЛДЫ

АҚТӨБЕЛІК АҒАЙЫН АРАЛ ӨҢІРІНДЕ БОЛДЫ

 

Бүгін Қызылорда қаласында Ақтөбе облысының күндері басталады. Бұл шара аясында көптеген мәдени іс-шаралар өткізіледі деп жоспарланып отыр.
Кеше Ақтөбе облысының делегация мүшелері Арал ауданында болды.
Қызылорда облысында өтетін жәрмеңкеге жол тартқан ақтөбелік ағайынды аудан басшысы А.Мұхимов қарсы алды.
Іргелес жатқан елден келген қадірлі қонақтар аудан орталығындағы бірқатар нысандарды аралап, ауданымыздың тыныс-тіршілігімен етене танысты.Бұған қоса, аудан әкімі қонақтарды Қамбаш көлінің жағасында орналасқан «Қамбаш балаларды сауықтару және қосымша білім беру орталығымен» де таныстырды. Осылайша, аудандағы ілкімді істерге қаныққан Ақтөбе облысындағы аудан әкімдері ізгі лебіздерін білдіріп, жолға қайта шықты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: