Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Маңғыстауда волейболшы қыздарды ұрған бапкер кешірім сұрады (видео)

Желіде оқушыларды ұрып-соққан волейбол жаттықтырушысы Азамат Тұрмағамбетовтің бейне хабарламасы пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada-ға сілтеме жасап.
Ер адам Жаңаөзен қаласындағы 3-орта мектепте дене шынықтыру мұғалімі болып жұмыс істейді. Оның айтуынша, бейнежазбадағы қыздар Жаңаөзен қаласының волейбол командасының мүшелері болып табылады және жақсы нәтижелер мен жоғары спорттық жетістіктер көрсетеді.
"Шапалақ сияқты көрінуі мүмкін шын мәнінде олай емес. Алтыншы нөмірлі ойыншы команданың көшбасшысы. Мен оны шақырып, бүкіл командаға қолдау көрсетуге тырыстым. Менің әрекетім сырт көзге ойыншыларға күш көрсету секілді көрінсе, кешірім сұраймын", - деді Тұрмағамбетов.
Бұған дейін әлеуметтік желіде бапкердің волейболшылардың беті мен басына қалай соққы жасайтыны туралы видео тараған болатын. Кейінірек бұл оқиғаға Маңғыстау облысының әкімдігі мен білім министрлігі түсініктеме берілді.
Еске салсақ, Маңғыстауда волейбол жаттықтырушысының оқушыларына көрсеткен ерсі қылығы видеоға түсіп қалды. Кадрларда ер адамның тәрбиеленушілерді бетіне және басына қалай ұратыны көрінеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: