Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖОЛ АПАТЫНАН БЕС АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

ЖОЛ АПАТЫНАН БЕС АДАМ ҚАЗА ТАПТЫҚызылорда -Тереңөзек тас жолында ірі жолкөлік оқиғасы орын алды. Екі жеңіл көліктің соқтығысы салдарынан оқиға орнында бес адам қаза тапқан. Бұл жайында Қазақстан-Қызылорда телеарнасы мәлімдеді.
Ірі жолкөлік апаты Қызылорда-Тереңөзек тас жолының 35 шақырымында орын алған. Яғни, тоғызыншы бекет тұсында Фольксваген Венто және Лада Гранта жеңіл көліктері соқтығысқан. Куәгерлер екі көлікте барлығы тоғыз адам болғанын айтады. Оқиға орнында оның бесеуі тіл тартпастан көз жұмған. Әзірге оқиғаға қатысты ресми дерек жоқ. Анығы, қос көліктің жылдамдықты арттырғаны мына кадрлардан байқалады.  Соқтығысу салдарынан қос көліктің де алдыңғы бөлігі түгелдей жапырылған.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: