Қызылорда сайлаушылардың дауыс беру жөнінен екінші орынға шықты
Бүгін облыстық сайлау комиссиясы ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлау қорытындысын шығарды.
Өңірде 492 198 сайлаушы тіркелген. Бұл жалпы халықтың 60,7 пайызы. Саяси науқанға 363 754 мың сайлаушы қатысып, дауыс берді. Яғни, қатысу көрсеткіші 73,90 пайызды құрады. Сайлаушылардың дауыс беру белсендігі бойынша республикада Солтүстік Қазақстан облысынан кейінгі екінші орында.
Қызылордалық сайлаушылар «Nur Otan» партиясына – 74,46 %; «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясына – 9,40 %; «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясына – 8,70 %; «Қазақстан Халық партиясына» – 3,84 %; «ADAL» саяси партиясына – 3,6 % дауыс берген.