Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада базар аумағындағы дүңгіршек жанып кетті


Қызылордада базарда маңында орын тепкен дүңгіршек жанып кетті.
Өрт оқиғасы туралы хабар жергілікті 112 құтқару қызметіне 2 наурызда сағат 00.08 шамасында түсті. Өрт сөндіру саласының мамандары оқиға орнына дерек жетті. Барлау барысында «Айтбек» және «Отырар» сауда орталықтары аумағында қуырылған өнімдер сататын дүңгіршектің толығымен жанып жатқаны анықталды.
«Сондай-ақ, өрт сол аумақтағы нан сақтау қоймасы, жеміс сататын дүңгіршекке жайылып кетуі қаупі туындады. Өрт сөндірушілер оған жол берген жоқ. Өртті жоюға төтенше жағдайлар департаментінен 9 техника, 30 қызметкер жұмылдырылды. Өрт салдарынан зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: