Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА БАЛАБАҚШАМЕН ҚАМТУ ДЕҢГЕЙІ ЖОҒАРЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА БАЛАБАҚШАМЕН ҚАМТУ ДЕҢГЕЙІ ЖОҒАРЫ Қызылорда қаласында мектепке дейінгі тәрбие беру саласында да айтарлықтай жетістіктер бар. Бүгінде қала бойынша 200-ге жуық мемлекеттік, жеке балабақшалар мен шағын орталықтар жұмыс істейді. 
Бұл дегеніңіз, балабақшамен қамту көрсеткіші 99,3 пайыз екенін көрсетеді. Оған қоса, «Баларман», «Шаттық», «Қызғалдақ» балабақшалары күрделі жөндеуден өтіп, балалардың игілігіне берілді. Ал, жаңадан салынған «Арай-2» шағын ауданында мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде 280 орындық балабақшаның құрылысы басталды. Осылайша білімді де зияткер ұлт қалыптастыруда игі қадамдар жасалуда. 
«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Ұлттық қордан және облыстық бюджеттен шаһарда 280 орындық жаңа балабақша салуға, Тасбөгет кентіндегі апаттық деп танылған білім ошағының орнына 300 орындық мектеп құрылысын жүргізуге тиісті қаржы бөлінді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: