Үстіміздегі жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінде жаздық оқу кезеңінің ашылуына байланысты, әскери қызметшілерінің қатысуымен Қызылорда облысы су айдындарында шомылу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында "ОӨАЖҚЖ" ММ құтқарушылары сабақ пен жаттығулар өткізді.
Аталмыш сабақта су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтау, суға кеткен азаматтарға алғашқы көмек көрсету шаралары жөнінде әскери қызметшілерге "ОӨАЖҚЖ" ММ басшысының орынбасары Самғат Бүркітбаев, құтқару жасағының басшысы Андрей Федосияди, бас құтқарушы Жасұлан Жексембиев, құтқарушы Айдын Балманов және "Апат медицина орталығы" ҚФ дәрігері Айгүл Салқынбаева кеңінен баяндап берді.
Әскери қызметшілер маңызды сабақ берген құтқарушыларға шынайы алғыс білдірді.