Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

"Менің Қазақстаным" Қызылордаға келеді

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына орай, «Менің Қазақстаным!» пойызы» акциясы 4-5 сәуір күндері аралығында Арал және Жаңақорған аудандарында ұйымдастырылады. 
Пойыз Арал ауданына 4 сәуір сағат 9.15-те, Жаңақорған ауданына 5 сәуір сағат 9.10-да келеді.
Пойыз құрамында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, ҚР Әділет, Ауыл шаруашылығы, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Білім және ғылым министрліктерінің мамандары, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан темір жолы, Ұлттық кітапхана өкілдері аудан халқына кеңестер береді.
Сол күндері кешке сағат 19.00-де Арал, Жаңақорған аудандарының орталықтарында Қазақстан эстрада жұлдыздарының концерті өтеді.
Жоғары білікті сала мамандарының тұрғындармен кездесіп, қабылдайтын және кеңес беретін орындарын аудан әкімдіктерінен білуге болады. Келіңіздер, кеңес алыңыздар және тамаша ән-думан кешіне куә болыңыздар!
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: