Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Сақшылар бүлдіршіндерге жол ережелерін үйретті

Сақшылар бүлдіршіндерге жол ережелерін үйреттіОблыс көлемінде өткізіліп жатқан «Абайлаңыз – балалар!» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында Әкімшілік полиция басқармасы Білім басқармасының қызметкерлерімен біріге отырып бүлдіршіндерге арнап жолда жүру ережелері бойынша түсіндірме сабақтарын жүргізді. Бұл шара облыс орталығындағы «Алтын ұя», «Бегім ана» және «Сыр еркесі» мектепке дейінгі мекемелерінде тәрбиеленетін 3-5 жас аралығындағы өрендерді қамтыды. 
Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған шара барысында  «Жолдос көмекке асығады» мультфильмі көрсетіліп, көрнекі үгіт-насихат құралдары таратылып берілді. Жасөспірімдердің травматизмін азайту, жол апатын болдырмау және жаяу жүргіншілердің жолды кез келген жерден кесіп өтуінен болатын қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында Қызылорда облыстық медицина орталығының «Балалар хирургиясы» бөлімінде жол-көлік оқиғасынан және тұрмыстық жарақаттар алған жасөспірімдермен және ата-аналармен кездесу жиындары өткізілді.  Ата-аналарға жолда жүру ережесі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, көрнекі үгіт-насихат құралдары таратылды. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: