Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫ ҚАЛАСЫНДА АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ҚАЗАЛЫ ҚАЛАСЫНДА АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІКөктеммен бірге келетін әйелдер мерекесіне орай өткен салтанатты кеште аудан әкімі Нажмадин Шамұратов қоғам өміріне белсене араласып жүрген әйелдерді құттықтады. Олардың ішінде көп балалы аналар, еңбек ардагерлері, түрлі сала қызметкерлері болды. 
Аудан әкімі Нажмадин Шамұратов: «Құрметті аналар, арулар, сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Қаланың әлеуметтік және экономикалық дамуына қосып отырған үлестеріңіз үлкен, жалпы қоғам өмірінде сіздердің алатын орындарыңыз айрықша. Бала тәрбиелеп, отбасының берекесін кіргізіп, еліміздің демографиялық ахуалының жақсаруына да айтарлықтай үлес қосып келесіздер», — дей келіп, аналарға сый-құрмет көрсетті. Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: