Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Азаматтық істердің басым бөлігін бала асырап алу құрайды

Азаматтық істердің басым бөлігін бала асырап алу құрайдыҚызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған азаматтық істердің басым көпшілігі бала асырап алу 59,8, ата-аналық құқығынан айыру 12,7 пайызын құрайды. 
Бұл жөнінде облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Әбу Айбек және судья Қайратбек Бержанов 2014 жылдың қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен өткен баспасөз мәслихатында әңгімелеп берді. 
Сондай-ақ, баланың тұрғылықты мекен-жайын анықтау 10,3%, девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп интернатына жолдау жайлы - 3,3%, баламен кездесу уақытын белгілеу 9,5% , өзге неке және отбасы даулары - 4,1% болған. Осы кезеңде Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты барлығы 13 қылмыстық істі және 2 азаматтық істі ҚР Медиация туралы Заңының талаптарын қолданып қараған.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: