Қазалы ауданы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның «Экодаму» бағдарламасы арқылы 13 өтінішке 35,4 млн.теңге несие қаражаты берілді.
Бұл бағытта Басықара, Тасарық, Өркендеу, Аранды ауылдарындағы кәсіпкерлер құс шаруашылығын дамытуды (қаз, үйрек, индюк) қолға алса, Бозкөл ауылынан жеміс, отын ағаштарын егу жобасы, Майдакөл ауылынан ұлттық қолөнерді дамыту, Әйтеке би кентінен қонақжай қызметі бойынша жобалар қаржыландырылды.
Бүгінгі таңда ауданда мал саны артып, құс шаруашылығы дамып келеді. Алдағы уақытта жүзеге асырылатын «10 мың басқа арналған құс фермасы және құс етін және жұмыртқа өндіру», «Жеміс-жидек, көкөніс қоймасын жаңғырту», «Көкөніс өнімдерін консервілеу», «Тігін шеберханесын және химиялық тазалау орталығын ашу», «Кондитерлік цехын кеңейту», «Астық өнімдерін өңдеу» сияқты ірі жобалар іске асырылмақ.